«Біз «шайтанды қууға» лицензия бермейміз»: вице-министр атыраулық емшіге қатысты пікір білдірді

0
135

​Ол министрді мәселемен хабардар етемін деп сөз берді.


«Біз «шайтанды қууға» лицензия бермейміз»: вице-министр атыраулық емшіге қатысты пікір білдірді

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов кішкентай балалардың «ішінен шайтан шығарамын» деп қинау әдісімен ем жүргізіп жүрген атыраулық емші Кейқуат Оспанов туралы пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кешірім өтінемін, әрине, бірақ біз «шайтан қууға» лицензия бермейміз. Ол өтірік. Ондай фактілер болса, тексеру керек. Бұл сұрақты талқылау қажет. Егер қоғамда бұл мәселе өткір тұрса, министрлік назар аударып, тиісті органдар араласу керек», - деді ол.

Тимур Мұратов осы мәселені денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға міндетті түрде хабарлауға уәде берді.

«Мұны министрге міндетті түрде жеткіземін», - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы күзетші, қазіргі емші Кейқуат Оспановтың тағы бір баладан «жын шығарған» қорқынышты видеосы тарағаны туралы хабарланған.