Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен жедел штабы құрылды.
ERNUR.KZ. БҚО Жәнібек ауданының Тау ауылы маныңда 372 өлген киіктің өліктері анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде Экология департаменті, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясы, ветеринария басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.
Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен жедел штабы құрылғаны хабарланды.
"Болжам бойынша киіктердің қырылу себептерінің бірі сол мекенде қолайсыз ауа райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі ұшаларда найзағай разрядымен зақымдану іздері байқалады, - делінген хабарламада.