Күдікті – 1981 жылы туған тұрғын қолға түсті.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында қыстауда тұратын ер адамды атып кетті. Күдікті қолға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Мой город» порталының хабарлауынша, ер адамның денесі 9 ақпанда таңғы сағат 7:00-де Бөкей ордасы ауданындағы«Бозой қыстауынан табылған.
«1989 жылы туған ер адам сол жақ білегі мен арқасынан оқ тиген жарақаттан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті – 1981 жылы туған азаматтың ұсталғанын хабарлады.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.