БҚО-да мұнай компаниясының жұмысшылары жаппай уланып қалған

0
603

Уланған жұмысшылардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.


БҚО-да мұнай компаниясының жұмысшылары жаппай уланып қалған

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жұмысшылар жаппай астан уланып қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ өндіру кен орнына қарасты Halliburton мердігер компаниясы жұмысшыларының жаппай уланып қалғаны туралы ақпарат тарады.

«Уланып ауруханаға жеткізілген жұмысшылардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдіріп, уланған жұмысшылардың қазіргі таңда Бөрлі аудандық ауруханасында ем алып жатқанын мәлімдеді.

«Ауыр жағдайда түскен екі жұмысшы жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы бір науқас жағдайының жақсаруына байланысты жансақтау және қарқынды терапия бөлімінен инфекциялық бөлімге ауыстырылды», - делінген басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ жағдайы орташа ауыр деп бағаланған үш адам инфекциялық бөлімде ем алып жатыр. Дәл сондай улану белгілерімен түскен тағы бір науқас та дәрігерлер бақылауына алынған.

Жұмысшылар астан уланып қалған болуы мүмкін деген болжам айтылуда.