БҚО-да темекі затының заңсыз саудасы тәркіленді

0
1 771

Барлығы 1074 блок пен 68 пачка акцизсіз темекі заты тәркіленді.


БҚО-да темекі затының заңсыз саудасы тәркіленді

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасының жолы кесілді, деп ERNUR.KZ.Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының аумағында акцизсіз темекі өнімінің заңсыз саудасы туралы жедел ақпараты бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Орал қаласының орталық базарында қала тұрғыны жалға алған контейнерлердің бірінде 174 блок акцизсіз темекі, сондай-ақ, оған тиесілі гаражынан 650 блок акцизсіз темекі өнімі табылды. Сонымен қатар, танысына тиесілі көршілес гараждан 250 блок акцизсіз темекі тәркіленді. Сондай-ақ, автокөлікті тінту кезінде 68 пачка акцизсіз темекі өнімі тәркіленді. Барлығы 1074 блок пен 68 пачка акцизсіз темекі заты тәркіленді», - делінген хабарламада.