​БҚО және Маңғыстау облысының ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына өтеді

0
419

Бас санитар дәрігердің осындай қаулысы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында шықты.


​БҚО және Маңғыстау облысының ХҚО-лары бес күндік жұмыс аптасына өтеді

БҚО және Маңғыстау облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің 2012 жылғы 24 шілдедегі карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді.
Бас санитар дәрігердің осындай қаулысы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында шықты. БҚО мен Маңғыстау облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері аталған облыстардағы ХҚО-лар жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды.
Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.