Блогерлердің жарнамасы да табыс болғандықтан, ол үшін де салық салынады.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлердің жарнамаға ішкен тамақтарына да салық салынатынын айтты. Бартер де енді табыс болып саналады, деп жазады stan.kz.
Блогерлердің жарнамасы да табыс болғандықтан, ол үшін де салық салынады.
“Бартер – бұл ақшаны пайдаланбай, жарнамаға тауарлар мен қызметтер алу. Мысалы блогер Instagram желісінде кафені жарнамалап, оның орнына кешкі ас ішеді. Бұл жағдайда кешкі ас блогердің табысы болады және ол осы табыстан жеке табыс салығын төлеуі керек. Мемлекеттік бюджетке салық төленсін”, – деді қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жеке кірістерді әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық блогерлерге салық бойынша хабарламалар жібергені туралы хабарлаған едік.