"Болашақ" стипендиясына өзгеріс енгізіледі

0
85

2026 жылы кәсіби тағылымдамаларға қатысушылар үшін "Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар" атты жаңа санат бекітілді.


© Sputnik / Сергей Пятаков

ERNUR.KZ. Биылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағы екі маңызды бағыт бойынша тағайындалады , деп жазады Sputnik Қазақстан.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия президенттің тапсырмасын ескере отырып, жасанды интеллект саласындағы мамандарды дайындауға басымдық беріп отыр.
"Осыған орай, 2026 жылы кәсіби тағылымдамаларға қатысушылар үшін "Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар" атты жаңа санат бекітілді", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, комиссия отырысында биылдан бастап магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды.
Айта кетері, бүгін "Болашақ" халықаралық стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды.