Болат Назарбаев инфаркт алып ауруханада ауыр жағдайда жатыр

0
3 351

Болат Назарбаевтың ауруханаға түскенін орталық клиникалық ауруханасы растады.


Болат Назарбаев инфаркт алып ауруханада ауыр жағдайда жатыр

ERNUR.KZ. Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, экс-президенттің інісі Болат Назарбаев ауыр жағдайда Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған, деп жазады Stan.kz

Ақпарат бойынша, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады.

Болат Назарбаевтың ауруханаға түскенін орталық клиникалық ауруханасы растады.

Дегенмен мекеме “медициналық құпия” деп науқастың жағдайы мен диагнозын айтудан бас тартты.

Бұған дейін ол соңғы 2 жыл бойы төсек тартып жатқандығы туралы хабарланған болатын. Оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы облысында "Алтын Орда" базарындағы жаппай заңбұзушылықтар үшін Болат Назарбаевтың не себепті жауапқа тартылмағанын түсіндірген еді.