Болат Жәмішев жаңа қызметке тағайындалды

0
856

Болат Жәмішев 2022 жылдың 1 ақпанында «Қазақстан халқына» қорының төрағасы болып тағайындалған еді.


Болат Жәмішев жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Bank RBK директорлар кеңесінің 2022 жылғы 31 қазандағы шешімімен Болат Жәмішев банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп жазады ulysmedia.kz.

Болат Жәмішев 2022 жылдың 1 ақпанында «Қазақстан халқына» қорының төрағасы болып тағайындалған еді.

Қордың мәліметінше, 2022 жылдың тамыз айындағы дерек бойынша, қорға ашылғалы бері 120,1 млрд теңге қаражат түссе, бүгінге дейін соның 12,3 млрд теңгесі қайырымдылыққа аударылған.

Айта кетейік, Bank RBK активі қазіргі таңда 12 трлн теңгені құрайды, 1 қазандағы таза пайда 9,3 млрд теңгеге жеткен.