Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласының полиция Департаменті қуатты бомба жарылысы болады деп жалған ақпарат таратқан екі әйел адамды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247 бабыбының 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр.
"Ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады.