Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

0
972

7 наурызда Боранбаевқа қатысты сот екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады..


Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаевқа қатысты істің мән-жайын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген агенттіктің Telegram-арнадағы хабарламасында.

17 наурызда Боранбаевқа қатысты сот екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді агенттік өкілдері.