Ведомство бұл тізімнің ресми құжат емес екенін атап өтті.
фото: baq.kz.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде кеңінен таралған блогерлер мен олардың болжамды табыстары туралы тізімге қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.
Ведомство бұл тізімнің ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салықтық тексерулерге қатысы жоқ екенін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан тізім – мемлекеттік кірістер органдарының салықтық бақылау жүргізу аясындағы ресми актісі болып табылмайды, – делінген хабарламада.