"Бозжыра" шатқалында көлігімен батпаққа батқан 6 адам құтқарылды

0
87

ТЖМ қызметкерлері балшыққа батып қалған жолаушыларға дер кезінде көмекке келді.


Фото: advantour.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Қарақия ауданында "Бозжыра" шатқалында 6 адам мінген көлік балшыққа батып қалды, деп жазады inbusiness.kz.

ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техниканы пайдалана отырып, көлікті жолдың қауіпсіз учаскесіне сүйреп шығарды. Жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырды.

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.