Елімізде 2019 жылы браконьерлік үшін жаза күшейтілді.
ERNUR.KZ. Бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, тасымалдау, сақтау және өткізу қылмыстары үшін 93 адам сотталды, оның 26-сы бас бостандығынан айыру жазасын кесілді. Олардың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді, деп жазады zakon.kz.
Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының хабарлауынша, Ш.Р. есімді азамат бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін мемлекетке келген залал 130 млн теңге өндіруімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Табиғатқа келтірілген залал тек бекіре тұқымдас балықтары мен оның дериваттарын аулағандарға ғана емес, оны заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдағандарға да қойылатынын атап өту қажет.
Елімізде 2019 жылы браконьерлік үшін жаза күшейтілді.