Бұғаттау тіптен оңай: WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

0
135

Мамандардың айтуынша, бұл жаңарту пайдаланушыларға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.


Бұғаттау тіптен оңай: WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

ERNUR.KZ. Бұдан былай хабарламаны ашпай тұрып, сізге келген адамның нөмірін бұғаттауға болады, деп жазады ulysmedia.kz.

"Сөйлескіңіз келмеген адамды бұғаттау оңай бола түсті. Ендігіде, оны хабарламаны оқымай тұрып, бұғаттау экранынан немесе чаттар тізімінде бірден жасауға болады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін WhatsApp мессенджері жаңа мүмкіндікті – хабарламаларды күні бойынша іздеу мүмкіндігін қосуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Күнтізбе түймесі чаттардағы іздеу жолағында пайда болады. Бұл сол күні жарияланған хабарларды іздеу үшін белгілі бір күнді таңдауды жеңілдетеді. Мамандардың айтуынша, бұл жаңарту пайдаланушыларға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.