Бүгін Шерзат Полат ісі қайтадан қаралады

0
100

Бұл туралы Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.


Бүгін Шерзат Полат ісі қайтадан қаралады

Фото: smartnews.kz

ERNUR.KZ. 18 тамызда Қонаев қаласында Шерзат Полатты өлтіргені үшін сотталғандардың апелляциялық шағымы қаралады, деп жазады inbusiness.kz.

– Біз командамызбен сотқа дайындалып отырмыз. 18 тамызда 8 сотталушының апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотының ғимаратында Қонаев қаласында қаралады, – деп мәлімдеді адвокат.

Сонымен қатар, төбелес болған оқиға орнында жүрген екі қыз – Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді қатысты іс қаралатын болады.

Одан қалса куәгер Юлдаш Розыбакиев пен Арлан Қазыкеновке қатысты шыққан бірінші сатының жеке қаулысына келтірілген Жақсыгелді Дананың жеке шағымы да сол сот отырысында қаралмақ.