Бүгін түнде магниттік дауыл болады деген болжам жасалды

0
207

Дауыл G1 деңгейінде әлсіз болады. Оның болжамды ықтималдығы 40%-ға тең.


Бүгін түнде магниттік дауыл болады деген болжам жасалды

Фото: citytraffic.ru

ERNUR.KZ. Мамандардың айтуынша, 16 қазанға қараған түні, яғни бүгін магнит дауылы болады деген болжам бар, деп жазады ulysmedia.kz.

РБК басылымының жазуынша, Ресей ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы магнит дауылы сәрсенбіге қараған түні, түн ортасында басталып, таңғы сағат 6 шамасында басылатынын мәлімдеген.

Дауыл G1 деңгейінде әлсіз болады. Оның болжамды ықтималдығы 40%-ға тең.

Жердегі магниттік дауылдар қазанның 3 күні басталған болатын. Ол аптаның соңына дейін жалғасты. Екіншісі 2 қазан күні болды. Мамандардың айтуынша, бұл 2024 жылғы екінші қуатты магнит дауылы болды. Кейін мамандар 10 қазан күні күшті магнит дауылы болады деп болжады. Болжам дәл келіп, оның деңгейі G4-ке жетті. Қуатты дауыл бір тәулікке дейін созылып, 11 қазан күні басылды.

Магнит дауылдары электронды аппараттарға, әсіресе, ғарыш стансасындағы спутниктерге, техникалық құрал-жабдықтарға әсер етеді. Бұл ғарыштық желдің иондаушы сәулелену ағындарын әкелуіне байланысты.