Бүгін Жер бетінде тағы да магниттік дауыл соғады

0
418

12 мамырда Жердегі магниттік дауыл шарықтау шегіне жеткен болатын.


Бүгін Жер бетінде тағы да магниттік дауыл соғады

ERNUR.KZ. Астрономдар Жерге Х5.8 жарқылынан күн массасының шығарынды келгенін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Жерге 12 мамырда таңертең орын алған Х5.8 жарқылынан күн массасының шығарындысы келді. Алдындағы магниттік дауылмен салыстырғанда бұл жолы қатты соққы болған жоқ. Күн заттегі жақын сағаттарда біртіндеп өтеді деп болжануда. Күні бойы геомагниттік белсенділік индексі G1-G2 деңгейіне шығады, - делінген Күн-жер физикасы институтының күн астрономиясы зертханасы таратқан хабарламада.

Мамандар сондай-ақ әрі қарай құбылыс түнде жалғасып, оның нәтижесі таңертең белгілі болатынын айтты. Нақты болжам ғаламшарға тікелей соққы жасалды ма немесе заттек басқаша әсер етті ме, соған байланысты болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12 мамырда Жердегі магниттік дауыл шарықтау шегіне жеткені туралы жазған болатынбыз.