Ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірі тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады.
Фото: primeminister.kz
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасымен Бұқтырма су қоймасына салынған көпір тегін болады, деп жазады inform.kz.
Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылған болатын. Ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірі тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады.
Бірақ осыған дейін көпір ақылы болуы мүмкін екендігі айтылған. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы түпкілікті шешім тапсырыс беруші - Автомобиль жолдары комитеті көпірді жергілікті атқарушы органға бергеннен кейін қабылданатынын хабарлаған.
21 қазан күні көпір ресми түрде ашылған соң бұл сұраққа жауап берілді.
«Көпірге жол ақысын енгізу мәселесі бүгінгі күн тәртібінде жоқ. Көпір тегін болады», - деп хабарлады Көлік министрлігінен.