"Бұл өте батыл әрекет болған": Тоқаев егемендік туралы декларацияның тарихын еске алды

0
791

Нұрсұлтан Назабаевтың еңбегін де атап өтті.


ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өтке жиында Қазақстан егемендігі туралы декларацияның маңыздылығын түсіндірді, деп жазады Sputnik.kz.

Нұрсұлтан Назабаевтың еңбегін де атап өтті.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Ал бір жылдан кейін мемлекеттік тәуелсіздік туралы заң күшіне енді.
"Егемендік туралы декларация тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат. Егемендік декларациясын халықтың жан-жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі деуге болады. Әрине, мұндай қадамға бару оңай болған жоқ. Еліміздің сол кездегі саяси-әлеуметтік және демографиялық ахуалы тұрғысынан қарасақ, бұл өте батыл әрекет болатын", - дейді Тоқаев.
Президент Егемендік декларациясы тәуекел мен дипломатияның, ақыл мен сабырдың жемісі екенін де ерекше атап өтті. Ал осы тарихи құжаттың әсері көп ұзамай байқала бастады. Қазақстан қиын өткелден өтіп, іргелі ел болуға бағыт ұстады.
"Біз әділеттілік туралы айтсақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің егемендікке жетуіне қосқан елеулі үлесі жөнінде айтуымыз керек. Түптеп келгенде, тәуелсіздікке қалай қол жеткізіп, баянды ете алғанымыз маңызды. Өкінішке қарай, бұл күн елімізде біраз жыл өз деңгейінде атап өтілген жоқ. Бірақ, тарихи әділдік орнады", - деп атап көрсетті Тоқаев. Мемлекет басшысы барлығын еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтады. "Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн", - деді президент.