Бүлік кезінде атышулы "Қалаулымның" студиясын тонап, өртеп кеткен (видео)

0
908

Алматыда 5-6 қаңтардағы бүлік кезінде отандық телеарналардың бірінен шығатын "Qos Like" және "Бір болайық" ("Қалаулымның" жалғасы) бағдарламаларының студиясына шабуыл жасалған.


Бүлік кезінде атышулы

ERNUR.KZ. Осылайша, бірнеше жылдан бері шығып келе жатқан "Qos Like" және "Бір болайық" бағдарламалары түсірілетін телестудияға зақым келген, деп жазады Экспресс К.

Алғаш 2017 жылы "Қалаулым" деп ашылған бағдарлама кейіннен екі түрлі атпен екі арнадан шығатын болды. Оның біреуі — "Qos Like", екіншісі "Бір болайық". Екі бағдарлама да бір жере түсіріледі. "Бір болайықтың" редакторы әрі жүргізушісі Шаһ-Керім Кәрменов студияға шабуыл жасалмас бұрын, яғни 5 қаңтарда елде осындай жағдай болып жатқанда эфирге шыға алмайтындарын айтқан еді.


"Отанымыздың тағдыры мен болашағы сын үстінде тұрғанда эфирге шығып, күліп-ойнап бағдарлама жүргізуге ниет жоқ", деп жазды ол.

Одан кейін студияға шабуыл жасалып, бірнеше күннен бері эфирден көрсетілмеді. Кеше "Qos Like" бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова өртеніп кеткен студияның алдынан фото жүктеді. Тонаушылар ондағы киім-кешек, жарамды заттардың біразын ұрлап кеткен. Енді бағдарлама продюсерлері жаңа студияға көшіп, сол жақтан эфирді жалғастыруды көздеп отыр.