«Бурабай» демалыс орнының жерлері аукционға қойылуы мүмкін

0
4 464

13 желтоқсанда Ақмола облыстық соты «Бурабай Дамудың» шағымын қанағаттандырмай, бірінші инстанцияның шешімі заңды күшіне енді.


«Бурабай» демалыс орнының жерлері аукционға қойылуы мүмкін

ERNUR.KZ. «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Бурабай Даму» ЖШС арасында жасалған жер учаскесін жалға беру шарты жарамсыз деп танылсын» делінген Ақмола облысының мамандандырылған экономикалық соты қаулысында, деп жазады ulysmedia.kz.

Талапкер Ақмола жер ресурстарын басқару бөлімі жер телімдерінің сауда-саттықсыз берілгенін көрсетті.

Мәселе 2,2633 га, атап айтқанда Шортанды көлінің жағасы, велосипед және жаяу жүргіншілер жолдары, шаңғы трассалары, тамақтану орындары, Rixos қонақ үйінің жанындағы әйгілі «Лапландияға” қатысты болып отыр.

Алғашында бұл жерді әкімдік Шортанды-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бойынша президент әкімшілігіне берген. Бұл мақсатқа бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды. Нысандар берілгеннен кейін оларды әрі қарай ұстау үшін «Бурабай Даму» ЖШС-не берілді (құрылтайшысы – қаржы министрлігі).

13 желтоқсанда Ақмола облыстық соты «Бурабай Дамудың» шағымын қанағаттандырмай, бірінші инстанцияның шешімі заңды күшіне енді. Судья жауапкерлердің аукционға қатыса алатынын, егер олар шығынға ұшыраса, жер телімдерін берген тұлғаларды алып тастап, жергілікті билікке талап қоятынын түсіндірді.