Бурабайда алғашқы туристік тікұшақ бағыты сынақтан өтті

0
245

Экскурсиялық туристік тікұшақ сыйымдылығы 3 жолаушыға шақталған.


Бурабайда алғашқы туристік тікұшақ бағыты сынақтан өтті

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Бурабай ауданына жұмыс сапары туристік инфрақұрылымды дамыту перспективаларына арналды, деп жазады sputnik.kz.

Сапар барысында облыс әкімі мен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Бурабай курортындағы алғашқы әуе экскурсиялық маршрутын іске қосуға қатысып, бұл оқиғаны өңір аэротуризмін дамытудағы маңызды қадам деп атады.
Экскурсиялық туристік тікұшақ сыйымдылығы 3 жолаушыға шақталған. Бұндай қызмет түрі келесі туристік маусымның басында іске қосылады.
"ЮНЕСКО-ның табиғи мұра тізіміне енгізілген 3 мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, Қорғалжын қорығының болуы аймақты келушілер үшін өте тартымды етеді. Тек күш біріктіру арқылы ғана біз өңірімізді қызықты, тартымды және туристік нарықтың заманауи талаптарына сай ете аламыз", - деп атап өтті облыс әкімі.
Адал еңбегі мен туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ақмолалықтар "Туризм саласының үздігі" төсбелгісімен, туризм және спорт министрінің Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.