Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды.
ERNUR.KZ. Өткен түнде Ақмола облысы Бурабайдағы төрт әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп жазады sputnik.kz.
Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің денесі табылды.
Қайтыс болғандардың бірі - 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болған. Оның 20 және 13-тегі екі қызы қалды.
Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген.
Төрт адамды өлтіріп, полицияға хабарласты
5 желтоқсан сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Бурабай тұрғыны қоңырау шалды. Ол төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, зорлық-зомбылық белгілері бар төрт мәйіт тапты.
28 жастағы тұрғын бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.