​«Burkit» экшн-фильмінің премьерасы өтті

0
799

Оқиға желісіне арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығы арқау болады.


​«Burkit» экшн-фильмінің премьерасы өтті

«Burkit» экшн-фильмінің премьерасы өтті. Кино туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» көмегімен түсірілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиға желісіне арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығы арқау болады. Олардың күнделікті міндеті – қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру. Сондай қылмыстық топқа қарсы текетірестің бірінде үш жауынгердің достығы сыналады. Сарбаздар "күрең берет" бас киіміне ие болуға таласады. Түсірілімге арнайы жасақ, әскери техника мен авиация, сондай-ақ екі жүзден астам мерзімді әскери қызметші қатысқан.

"Жалпы бұл "Бүркіт" фильмінің негізгі мақсаты бұл көрерменге мынау потриоттық тұрғыдан құлшыныс, мотивация беру. Бұл жанр енді өте қиын жанр ғой әскери потриоттық. Сарындағы филм түсіру бұл оңай емес. Ал, енді уақыт өткен сайын соңғы 20 жылда тіпті соңғы 10 жылда біздің елдің киносы заманауи технология жағынан шының айтқанда өте бір жақсы жетістіктерге жетіп жүр", - дейді кинотанушы, Назира Рахманқызы.
"Бұл енді о баста марқұм болып кетті генарал Сатов деген мықты кісі болған. Осы негізі Ұлттық ұланда қызмет еткен кісі. Сол кісінің ойында жүрген, сол кісінің бастамасымен түсірілген болатын. Кино енді көбінесе Алматының айналасында бас аяғы түсірілім процесі бір айдай болды", - дейді актер, Дәурен Серғазин.

Loading video