Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

0
911

Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер бар.


Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа үкім шығарды, деп жазады inform.kz.

Сотта экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан 115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге ақшаны пара ретінде алғаны айтылған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен дәлелденген. Прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы ақтауды өтінген.

Нәтижесінде сот айыпталушының жас балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

«Сот үкімімен экс-вице-министр Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп жазылған қалалық соттың ресми хабарында.

Еске сала кетейік, биылғы 7 маусымда Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).

Н.Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы А.Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) ақшалай қаражат алды деп айыпталып отыр.

Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер бар.