​ Былтыр елімізде 42 мың киік атылған

0
273

Елімізде киіктерді ату басталатыны былтыр белгілі болды.


​ Былтыр елімізде 42 мың киік атылған

ERNUR.KZ. Қазір елімізде киік атуға тыйым салынған, деп жазады inform.kz.

«Еліміздегі киіктердің көбеюін реттеу Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Атуға рұқсат берудің екі себебі – олардың санының көбеюі және киіктерден ауыл шаруашылығына келген залал. 2023 жылы ел аумағында 42 мың бас киік атылды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес киіктерді атуға тыйым салынды», - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Еске сала кетейік, елімізде киіктерді ату басталатыны былтыр белгілі болды.

Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев 2025 жылы киік саны 4,5 млн бастан асатынын айтқан еді.