Бюджет қаражатының игерілмеу себептері аталды

0
553

10 айда республикалық бюджеттің шығысына бөлінген қаражаттан 278 млрд игерілмеген.


Бюджет қаражатының игерілмеу себептері аталды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында бюджет игеруде сылбырлық танытқан салаларды атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,7%, республикалық бюджеттің шығыстары – 98%, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94% атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 14,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Бюджеттің орындалмауы 295 млрд теңгені құрады, оның ішінде 17 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 278 млрд теңге. Ең көп игерілмеу сомасы индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкi iстер, төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктерінде қалыптасты», - деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол бюджетті игермеудің негізгі себептеріне тоқталды.

«Игерілмеудің негізгі себептері: қазынашылық ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақаулар, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін, шот – фактураларды уақтылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасу және т.б. болып табылады», -деді Ерұлан Жамаубаев.