Далаға жіберілген құланның бірін браконьерлер атып алған

0
1 001

Қазіргі таңда осы жағдай бойынша, «қызыл кітаптағы жануарға» браконьерлік жасады деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.


Далаға жіберілген құланның бірін браконьерлер атып алған

ERNUR.KZ. 2018 жылы далаға жіберілген құландардың бірі Қостанай облысындағы «Тасты» шаруашылығынан табылды. Оны браконьерлер атып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Жануардың бөліктерін Қазақстандық биоалуандылықты сақтау қауымдастығының өкілдері тапты. Олар құланның мойнына тағылған GPS хабар беретін құрылғының ешқандай белгі бермегенінен күдіктенген. Осыған байланысты олар құрылғыны іздемек болып, 26 желтоқсан күні сапарға шыққан.

Жануар өлтірілген жерді қарағанда, онда құланның басы мен өте ұқыптылықпен кесілген GPS құрылғысының бауы табылған. Сол жерден көлік ізі де табылды.

Құланның бұл аналығын соңғы рет 14 желтоқсан күні көрген. Құланның өлтірілгені туралы хабар Қостанай облысы Арқалық қалалық пролиция басқармасына жіберілді. Қазіргі таңда осы жағдай бойынша, «қызыл кітаптағы жануарға» браконьерлік жасады деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Осы және тағы 8 құлан 2018 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен, сондай-ақ Орталық Қазақстанда құландардың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарлама аясында далаға жіберілген болатын.