Дания Еспаева: Бишімбаевқа қатысты оқиға БҰҰ сайтында жарияланған

0
427

Дания Еспаева статистикалық тұрғыдан мұндай жағдайлардың көпшілігі жұмыс істемейтін отбасыларда болатынын атап өтті.


Дания Еспаева: Бишімбаевқа қатысты оқиға БҰҰ сайтында жарияланған

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева 4 желтоқсанда өткен Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясы аясында әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Орталық Азия әйелдері диалогы халықаралық конференциясы аясында журналистердің сұрақтарына жауап берген Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева экс-министр Қуандық Бишімбаевтың басынан өткен қайғылы оқиға әлем жұртшылығына мәлім болғанын атап өтті.

"Мен бұл оқиғаның БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Бірақ маған сеніңіз, бұл кез келген елде болуы мүмкін еді. Бұл оқиғаның болғаны өте өкінішті. Қайғыра көңіл айтамын. Әлеуметтік желіде осы оқиғаға қатысты ақпаратты оқыған сайын жүрегім ауырады", - деді Дания Еспаева.

Дания Еспаева статистикалық тұрғыдан мұндай жағдайлардың көпшілігі жұмыс істемейтін отбасыларда болатынын атап өтті.

"Бірақ бұл жерде, ауқатты отбасы, білімді адам, көзі ашық адам мұны істегенде, тіпті қорқынышты. Бұл табиғатта мүлдем болмауы керек", - деді Дания Еспаева.

Қуандық Бишімбаевты полиция 2023 жылы 9 қарашада астаналық мейрамханалардың бірінде әйелін өлтірді деген күдікпен ұстаған.

15 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

30 қарашада ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Қуандық Бишімбаев ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгенін айтты. Ол Бишімбаевтың ісі ерекше бақылауда екенін атап өтіп, оның апта сайын Бас прокурордың тікелей бақылауында болатынына сендірді.