«Дарақылықтың шегі»: Жаркентте 50 жасқа толған адамды төрт жігіт қорапқа салып, көтеріп шыққан (видео)

0
487

Желі қолданушылары мұндай әрекет «ұят» екенін жарыса жазған.


«Дарақылықтың шегі»: Жаркентте 50 жасқа толған адамды төрт жігіт қорапқа салып, көтеріп шыққан (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жаркенттегі тойдың видеосы тарады. Бейнежазба мерейтой өткен мейрамхананың әлеуметтік желісінде жарияланған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қанат есімді адамның 50 жасы биыл 30 сәуір күні тойланғаны белгілі болып отыр. Әлеуметтік желідегі видеоның иесі публикацияға пікір жазу функциясын өшірген. Алайда видеоны өзге әлеуметтік желілер көшіріп, таратқан. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

«Мына кісінің үрім-бұтағында жанашыр кісі болмаған ба? Биіктен көріну деп осыны айт. Мына көрініс өте ұят екен, 50-ге келіп, жұртқа күлкі болғаны ұят болды. Бала кезінде жәшікке көп тығылып ойнаған-ау. Табыт сияқты ғой. Ертедегі патшалардай. Тойға несие алған шығар. Елуге келсе де, ес кірмеген. Дарақылық», - деп жазған олар.

Соңғы кездері қазақтың тойларында өрескел дүниелер жасалып жүр. Мысалы, осыған дейін Жаңаөзенде ер адам 50 жасына перғауын кейіпінде шығып, жұрттың сынына қалған еді.