Көлікпен әдейілеп бірнеше адамды қағып кеткен.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы көлік қаққан адамдардың денсаулығы жайында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Алматы №7 қалалық клиникалық ауруханаға 2 адам жеткізілді. Біріншісіне ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың жеңіл дәрежеде жарақаттануы, бастың оң жақ сүйегінің сыну диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Екінші науқаста жабық бас жарақаты, мидың шайқалу диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Үшіншісі Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның сол аяғының тобығы, оң қол шынтағының жабық сынуы, сол қол шынтағының ашық сыну диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.
Осыған дейін, әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болған еді.
Сондай-ақ, Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын түсіндірген болатын.