Дариға Назарбаева: Әділетсіздік көрсем, біз оған араша түсеміз

0
1 492

Халықтың қалауы бойынша трендтерді сәл өзгерту, бұл үлкен жұмыс болуы керек.Бұл жерде мемлекеттік органдар мен БАҚ тепе-теңдікті іздеуі тиіс.


Дариға Назарбаева: Әділетсіздік көрсем, біз оған араша түсеміз

ERNUR.KZ. Сенат депутаты Дариға Назарбаева бұқаралық ақпарат құралдарында негатив контент мөлшері туралы өз ойын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Өзім БАҚ цехынада өстім, сол үшін де мен үшін бүгінде бұқаралақы ақпарат құралдары жазып жүрген жағымсыз дүниелер - өлтіру, суға түншықтыру, зорлау және тағы басқалары - бұл рейтинг жинау мақсатында істелінетін шара. Екінші жағынан, бұл ақпарат аудиторияны толғандырады. Мұнда шексіз шеңбер болады. Яғни, біз жақсы әңгімелерді жазғымыз келеді, бірақ біз тек негатив көрсететін редакцияның рейтингі жоғары екенін көреміз. Ал біз позитивке назар аударғымыз келіп, жарқын болашақ пен бейбітшілікке жақсылық жасағымыз келеді, бірақ бізде рейтинг құлдырайды", - деді Дариға Назарбаева Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Депутаттың ойынша, БАҚ өкілдері өз аудиториясымен жұмыс істеуі қажет.

"Халықтың қалауы бойынша трендтерді сәл өзгерту, бұл үлкен жұмыс болуы керек. Бәрібірде адамдар оқыс жағдайлардың не болып жатқанын білгісі келіп тұрады, өсек жинағанды жақсы көреді және осы қауесеттер аясында болып жатқан құбылысты ұнатады. Өкінішке орай, мұны істеу өте қиын. Бұл жерде мемлекеттік органдар мен БАҚ тепе-теңдікті іздеуі тиіс", - дейді сенатор.

Дариға Назарбаева елдегі және одан тыс жерлердегі барлық жаңалықтарды қарап отыратынын айтады. "Оның ішінде жағымсыз ақпаратты оқисыз ба?"- деп нақтылады журналистер депутаттан.

"Әрине, оқимын, қалай оқымайын? Біз оған әрекет етуіміз қажет емес пе? Пікірлерді оқимын, қоғамның реакциясын бақылаймын. Әділетсіздік көрсем, біз оған араша түсеміз. Тек біз оны көпшілік алдында жасамаймыз. Мұның барлығын одан әрі жандырғымыз келмейді. Бұл салалық министрліктермен қарым-қатынас деңгейінде іске асырылады. Менің ойымша, мұндай жұмыс бір-бірінен бірдеңені талап етуге және ұрысуға қарағанда анағұрлым конструктивті және нәтижелі бола түседі. Бірдеңені алғыңыз келсе, амалдар тауып, сізге қажет нәрселерді алу керек", - деді Назарбаева..