Келтірілген залал алдын ала тексеру мен бағалаудан кейін анықталады.
ERNUR.KZ. Дауыл Екібастұз 2-ші мемлекеттік аудандық электр станциясы әкімшілік кешенінің шатырын ұшырып әкетті, деп жазады sputnik.kz.
"8 маусымда 112 пультіне жел "СЭГРЭС-2" АҚ-ның әкімшілік-тұрмыстық кешенінің шатырын жұлып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ғимарат 1994 жылы салынған. Шатыр 2010 жылы монтаждалған. Жел ұшырған шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды", - деді ТЖД.
Келтірілген залал алдын ала тексеру мен бағалаудан кейін анықталады.
Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Павлодар облысында – желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.