Вакцинаның тізімге енуі ЮНИСЕФ пен Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымына аталған препаратты мұқтаж елдерге тарату үшін сатып алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын шұғыл қолдануға ұсынылатын препарат тізіміне қосты, деп жазады tengrinews.kz.
"Бүгін (бейсенбі) ДДҰ Pfizer/BioNTech компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасын шұғыл қолдануға арналған тізімге қосты, бұл бір жыл бұрын коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері болған алғашқы жағдай", - делінген хабарламада.
Вакцинаның тізімге енуі ЮНИСЕФ пен Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымына аталған препаратты мұқтаж елдерге тарату үшін сатып алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.