Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан, 13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат проблемалық несие қорына берілді.
ERNUR.KZ. "Delta Bank" АҚ ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер рейтингіне енген Н.Тілеубаев 2012-2017 жылдар аралығында қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.
"Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 млн АҚШ доллары болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар", - дейді агенттік.
Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан құны 27 млрд теңге болатын "Вентспилс астық терминалының" 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.
Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан, 13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат проблемалық несие қорына берілді.
Сот үкімімен Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары – "ҚазИнвестБанк" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "БЖЗҚ" АҚ. Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр", - дейді ведомство.
Айта кетейік, "ҚазИнвестБанк" АҚ 131 млрд. теңге шығынға ұшыраған. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 2,3 млрд. теңгеге талап-арыз берген. Ал "БЖЗҚ" АҚ 5 млрд теңге өндіріп алу туралы азаматтық сотқа жүгінген.