Демалыс күндері қар жауады - Қазгидромет

0
913

Жаңбырдың арты қарға ұласады, дейді синоптиктер.


Демалыс күндері қар жауады - Қазгидромет

"Қазгидромет" орталығы мамандары 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жексенбі күні – солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басталуымен – Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан және арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі. Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста - көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі.