Полиция ер адамды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Таразда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы жағдай 6 мамырда Абай даңғылы бойында болған. Апатқа кінәлі көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған.
"Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан адамның бөлшектенген денесі жолдың әр жерінде шашылып жатыр", - деп жазылған инстаграмдағы onlinetaraz паблигінде.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатқа байланысты тергеу амалдары басталды.
"Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін анықтап, оны ұстады. Бірқатар сараптама белгіленді", - деп хабарлады полиция.
Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады.
Taraz_v_obektive телеграм-каналында апаттың видеосы жарияланды. Видеоны жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды.