Әйел бір сеансқа 175 мың теңге ақшасын берген.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Жұлдыздар жарнамалаған массаж салонына барған әйелдің денесі адам көргісіздей көгеріп кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желіде Астанадағы мақтаулы массаж салонының қызметін пайдаланған әйелдің жазбасы пайда болды. Айтуынша, ол скульптуралық массажға барған соң, үсті-басы көгеріп, денесіне гематома шыққан. Ол бір сеансқа 175 мың теңге төлеген екен.
«175 мың теңгесін төлеп алған массаждан кейінгі үшінші күні әйелдің денсаулық жағдайы нашарлаған. Іші өтіп, температурасы мен қан қысымы көтерілген... Нәтижесін көріп тұрсыздар, қаптаған гематома», - делінген жазбада.
Автордың белгілеген желі парақшасын белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан жарнамалаған. Парақшада жазылғандай, бұл массаж түрі диетасыз және спортсыз артық салмақтан арылтатын көрінеді.