Денсаулық сақтау министрлігі: медициналық қызметтерді қосып жазу ықтималдығы айтарлықтай төмендейді

0
231

Емханаларда дәрігердің қабылдауында болған 49 265 пациенттің 85%-ы Face ID тетіктері мен «Цифрлық құжат» сервисінің көмегімен сәйкестендіруден өтті.


Денсаулық сақтау министрлігі: медициналық қызметтерді қосып жазу ықтималдығы айтарлықтай төмендейді

Емханаларда пилоттық режимде енгізілген пациенттерді сәйкестендіру жөніндегі цифрлық тетіктер медициналық қызметтерді қосып жазу ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда маманға баруды растау тетігі 600-ден астам маманды тарта отырып, елорданың 37 медициналық нысанында іске асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте емханаларда дәрігердің қабылдауында болған 49 265 пациенттің 85%-ы Face ID тетіктері мен «Цифрлық құжат» сервисінің көмегімен сәйкестендіруден өтті.

Бұрын күткендей, пациенттерді сәйкестендіру жүйесі енгізілгеннен бері көрсетілген медициналық қызметтердің жалпы саны алдын ала 24,5%-ға, әсіресе топ-20-ға төмендеді. Соңғы нәтижелерді пилоттық жобаның қорытындысы бойынша бағалауға болады.

«Осы жылдың соңына дейін пилоттық жоба Астанада нәтижелерін көрсетеді, ал 1 қаңтардан бастап бүкіл республикада кезең-кезеңімен көбейту жоспарлануда. Бұл қосып жазуды төмендететін тиімді құрал болады. Биометриялық сәйкестендіру жүйесі көрсетілген қызметтерді дәл тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл пациенттердің келуі туралы жалған есептерге жол бермейді және тиісінше бюджет қаражатының да, сақтандырылған азаматтардың да жарналарының мақсатсыз жұмсалуының алдын алады», — деп хабарлады ведомство.