Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
1 876

Қылмыстық іс тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша қозғалып отыр.


Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары министрліктің бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіруіне байланысты тергеу басталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«23 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 407-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл адамдар қылмыстық процеске қатыспай, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинау, беру және жариялау арқылы тергеуге араласуды жүзеге асырды», - делінген хабарламада.