Әлеуметтік желіде тараған видеода үкімет сағатында Мұқаевтың әуелі шалқайып, артынша жағдайы нашарлағандай көрінеді.
Видео кадры
ERNUR.KZ. Депутат Дәулет Мұқаев үкімет отырысындағы оғаш әрекетін түсіндірді, деп жазады ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода үкімет сағатында Мұқаевтың әуелі шалқайып, артынша жағдайы нашарлағандай көрінеді.
ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ
Бұл жайтқа қатысты Мұқаев түсініктеме берді. Ол үкімет отырысында “әрең отырғанын” айтады.
- Себебі белімде біраздан бері протрузия (L-5,S-1) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, грыжаға айналды ма дәл қазіргі кезде отырсам да, жатсам да белім шыдатпай жатыр. Үкімет сағатынан соң ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын жоқ, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың күшімен үйіме қайттым. Мені сүйрелеп апарған көлік жүргізушісіне рақмет, дейді депутат.