Депутат сенатты таратқан жағдайда кім президенттікке үміткер болатынын айтты

0
118

Сенат жойылған жағдайда президенттікке Мәжіліс спикері үміткер болуы тиіс.


Депутат сенатты таратқан жағдайда кім президенттікке үміткер болатынын айтты

Фото: parlam.kz

ERNUR.KZ. Парламент кулуарында журналистер депутат Айдос Сарымнан Сенатты қысқартқан жағдайда елімізде президеттікке екінші үміткер кім болуы мүмкін екенін сұрады, деп жазады stan.kz.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік құрылымы бір палаталы немесе екі палаталы парламентке қарамастан, Президенттік-Парламенттік Республика болып қала береді.Сенат жойылған жағдайда президенттікке Мәжіліс спикері үміткер болуы тиіс.

"Президент өкілеттігі тоқтаған жағдайда Мәжіліс спикері ел басшысы болуы мүмкін. Қазір біз сайлау, париялар туралы заңды жұмысқа қабылдап жатырмыз. Меніңше, президент туралы заңды тағы қарастыру керек.Нақты жазылған тәртіп болуы тиіс ", - дейді депутат.

Сарым елімізде президент өкілеттігін беру тәртібі нақты заң жүзінде жазылмағанын айтты. Ол форс-мажор жағдайында биліктің ауысуы ондаған шенеуніке дейін жазылған АҚШ-ты мысалға келтірді.

"Онда 28-шенеунікке дейін жазылған: егер сенат спикері бас тартса, егер келесісі бас тартса, тіпті вице-премьерлер мен министрлерге дейін. Менің ойымша, болашақта біз тарихтың қандай болатынын, жағдайдың қалай болатынын білмейміз, сондықтан осы барлық тәртіпті барынша белгілеу маңызды.

Әскерилерде неге көп сұрақ туындамайды дейсіз, себебі оларда конверттер деп аталатындар бар, сол конверт ашылады, онда не істеу керектігі жазылған. Біз осы тәртіпті неғұрлым көп ескерсек, келешекте соғұрлым аз проблема болады ", - деп мәлімдеді Айдос Сарым.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау кезінде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді.