Депутаттардың төрттен бірінің салық берешегі бар

0
767

Кіріс комитетіндегі деректер бойынша ең үлкен қарыз Владимир Божкоға тиесілі.


Депутаттардың төрттен бірінің салық берешегі бар

ERNUR.KZ. 1 қазанда мүлік, жер, көлік, салығын төлеу мерзімі аяқталған болатын. Белгілі болғандай парламент мәжілісі депутаттарының төрттен бірі салықты уақытылы төлемеген. Бұндай ақпаратпен журналист Жәмилә Маричева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Qamshy.kz.

Кіріс комитетіндегі деректер бойынша ең үлкен қарыз Владимир Божкоға тиесілі. Оның мемлекет алдындағы берешегі 234 948.87 теңге. Бұл тізімнен Дания Еспаева, Азат Перуашев және Бекболат Тілеуханды көруге болады. Еспаеваның қарызы 76 476 теңге болса, Перуашевтың мемлекетке берешегі 183 456.41 теңге. Ал Бекболат Тілеухан 175 663 теңгені уақытылы төлемеген.

Бұдан бөлек Бақтықожа Ізмұхамбет (147 177.27 тг), Мұхтар Ерман (115 207.68 тг), Айқын Коңыров (109 656.39 тг), Нұртай Сабилиянов (43 768.30 тг), Сауытбек Әбдірахманов (43 781 тг) және тағы басқа депутаттардың салық берешегі бары анықталды.