Dequine әкесіне қатысты дау туралы алғаш рет пікір білдірді

0
528

Ол бұл оқиға есеңгіретіп қойғанын айтты.


Dequine әкесіне қатысты дау туралы алғаш рет пікір білдірді

ERNUR.KZ. Танымал әнші Dequine (Данеля Садықова) әкесі, Мәжілістің экс-депутаты Асқар Садықовтың айналасында туған дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Әртіс жазба жариялады, онда ол бұл оқиға есеңгіретіп қойғанын айтты.

"Соңғы күндері көптеген жаңалық шықты, өз көздеріңізбен көріп отырсыздар, менің әкем Асқар Садықовты жұмыс орнында харассмент жасады деп айыптады. Сіздер сияқты мен де бұл жағдайдан есеңгіреп қалдым. Шынымды айтсам, мен не айтарымды білмеймін. Мұндай жағдайда не істерімді, кімге сенерімді, қалай әрекет етуді білмеймін. Өмір мені бұндайға дайындаған жоқ. Көпшілік алдында харассментті бастан өткерген адам үшін болып жатқан оқиға - үлкен күйзеліс", - деп жазды Dequine.

Қыз әкесімен болған жағдай оның өміріндегі ең басты екі құндылыққа: отбасы мен әйелдің адалдық құқығына әсер еткенін айтты.

"Мен бірнеше жыл бұрын харассментке және зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы шыққанымды және қазір де сол принциптерге адал екенімді түсіндіргім келеді. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін айыптаймын. Осы қиын кезеңде мені қолдайтын және жанашыр болға адамдарға рақмет. Сіздің қолдауыңыз мен үшін баға жетпес", - деп жазды Dequine.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асқар Садықов мандатынан айырылып, партиядан шығарылғаны белгілі болды. "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев мұндай шешімнің негізі "А.Садықовтың депутат мәртебесіне жол берілмейтін іс-әрекеттер жасауы" болғанын айтты. Кейінірек Перуашев өзінің Telegram-арнасында Парламент қызметкері депутат тарапынан харассментке шағымданғанын жазды.