Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тамызға дейін ұзартылды

0
416

Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталғаны белгілі болды.


Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тамызға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Дикий Арман деген лақапатпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп жазады tengrinews.kz.

"2023 жылғы 5 маусымда сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органы өтінішхаты қанағаттандырылып, қылмыстық іске қатысы бар Д-ның қамауда ұстау мерзімі екі айға 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, сәуірде Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылған болатын.

Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталғаны белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұстау кезінде күдіктілерден төрт жартылай автомат, әртүрлі маркалы суық қару мен оқ-дәрілер және брондалған көлік тәркіленді.