​Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

0
1 340

Еркін Оңғарбаев ҚР ДІАҚМ Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.


​Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

Еркін Оңғарбаев ҚР ДІАҚМ Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» 28.06.2018 жылғы №707 жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды.

Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы — сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.