«Директордың аты директор»: Алматыда "автоЦОН" басшысының көлігі жол апатына себепші болған (видео)

0
1 974

​ERNUR.KZ. Алматыда қазақстандық тұрғын "автоЦОН" директорының үстінен шағым айтты. Тіпті өз сөзі дәлелді болуы үшін оқиға орнынан видео да түсіріп үлгерген.


«Директордың аты директор»: Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда қазақстандық тұрғын "автоЦОН" директорының үстінен шағым айтты. Тіпті өз сөзі дәлелді болуы үшін оқиға орнынан видео да түсіріп үлгерген. Ол видеоны INSTAGRAM әлеуметтік желісіне zhest_kz аккаунтымен тіркелген қолданушы жүктеді. Онда видео авторы "автоЦОН" алдына келіп, көлік апатының орын алғанын баяндайды. Айтуынша, жолға көлденең тұрып алған жол талғамайтын қымбат көліктің салдарынан бұл апат орын алған көрінеді. Бұл қымбат көлік иесі "автоЦОН" директорына тиесілі екен.

«Мұнда көліктердің өте алмау себебі - мына көліктің жолды жауып қоюынан. Жол-көлік оқиғасы да болды. Күзетшілердің айтуы бойынша, бұл "автоЦОН" директорына тиесілі көлік екен. Міне, көліктің нөмірі. Құдды бір өз үйінің ауласына келгендей қоя салады көлігін» деп ашуға булығады тұрғын. Бұл видеоны көрген желідегілер мұнай тәртіпсіздікке барған жүргізуші көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алу керек еді деп ақыл айтса, келісі бір біздің елде бұл қалыпты жағдай деген секілді ашуға булыққа тұрғынға басу айтқан. «Енді не қалайсыздар? Біздің еліміз сондай ғой. Кімнің ақшасы бар, білгенін жасайды», «Сабырға келіңіз, бұл Қазақстан», «Оларға бәрібір, нені қалайды, соны жасайды. Олар өздеріне кез келген нәрсені жасауға бола береді деп ойлайды» деп жазған желі қолданушыларының бірі күзетшіні видеоға түсіріп, жария еткен дұрыс емес деп кеңес айтты.

«Күзетшіден обал-ақ», «Күзетші енді жұмыссыз қалатын болды», «Неменеге күзетшіні ұстап беріп тұрсың?» деп авторды сөкті желідегілер. Айтпақшы, пікір қалдырушылардың айтуынша, бұл "автоЦОН" маңы болмауы да мүмкін.

Видео: zhest_kz парақшасынан алынды