ДСМ бір жылға қажет дәрі-дәрмектің 95% сатып алды

0
880

Бүгінде ведомство шетелден дәрілерді уақытында жеткізу мәселесін пысықтап жатыр.


ДСМ бір жылға қажет дәрі-дәрмектің 95% сатып алды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) бір жылға қажет дәрі-дәрмектің 95% сатып алды, деп жазады inbusiness.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютор әлемдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізу бойынша жеткізушілермен жұмыс жүргізуде. Еуропа, Украина, РФ, Беларусь елдерінен Қазақстанға жеткізілімдердің бұзылуына жол бермеу үшін барлық шара қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне 1715 дәрі мен медициналық бұйым енді. Медициналық ұйымдар биыл 1635 дәрілік зат пен медициналық бұйымды алатынын хабарлаған.

2022 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша 1547 дәрілік зат пен медициналық бұйым салып алынды, бұл бір жылға қажет дәрі-дәрмектің – 95%. Олардың шашамен 59% – отандық өндіріске, 23% – Еуропа елдеріне, 2% – Украина мен Ресейге, қалған 13% басқа елдерге тиесілі.